.RU

Бердібаева С.Қ., Бегімжанова Г., Сраж Ж.,Өтеген С., Сейдеқали Ж. Творчестволық сөз жарысы айтыс өнерінің этнопсихологиялық табиғатын зерттеу

Дата03.02.2017өлшемі168.02 Kb.
Бердібаева С.Қ., Бегімжанова Г., Сраж Ж.,Өтеген С., Сейдеқали Ж.

Творчестволық сөз жарысы - айтыс өнерінің этнопсихологиялық табиғатын зерттеу

Айтыс өнері - этносты зерттеудің психологиялық қайнар көзі. Қазақ мәдениетінің терең тарихи тамырлары, әрі психотехниканың рөлін атқара алатын халқымыздың киелі өнері айтысты этнопсихологиялық бағытта зерттеу аса бағалы құндылықтардың бірі [1].

Творчестволық сөз жарысы - айтыс орындаушы мен тыңдаушының коммуникативті ішкі психологиялық байланысын құрайды, яғни айтыскер ақындар бір этностың өкілдері, сол этностың мүддесін қорғайды, көрермендер, тыңдаушылар және екі айтыскер бірлесіп тұтастай этностық бірлікті жасайды.

Айтыс өнерінің басқа фольклордан айырмашылығы сол, ол жастық шаққа және қазіргі нарық уақытына тән жарысу сипатына ие, жаңа дәуірдің талаптарына жауап бере алатын көптеген сапалар мен қасиеттерді игерген. Алайда, қазіргі жаңа жағдайларда этностың мәдени мұрасының ерекше формасы айтыс өнерін зерттемей, оның этнопсихологиялық табиғатын талдамайынша жастардың творчестволық қабілетін, тұлғалық дамуын, этномәдени құндылықтарын дамыту мүмкін емес.



Зерттеудің мақсаты: Айтыс творчестволық процесінің коммуникативті интерактивті моделін жасау. Зерттеу әдістері: тарихи контент анализі, талдау әдісі, Э. Берннің трансакт анализі

Зерттеу нәтижелері:

1. Айтыс көпшілік алдында өтеді және көпшілік осы процеске белсенді қатысушылар. Айтыс өнім ғана емес, ол әрі процесс. Айтыс процесінің өту сатыларына қатысушы көпшілік, жеңіскерді анықтайды. Айтыс процесін - айтыстағы серігіңнің айтқан сөздерін және айтыскер ақындардың айтқандарын көпшіліктің түсінуінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Айтыс - творчествосында айтушымен қатар тыңдаушылар да творчестволық іс-әрекетке белсене қатысады, ақындық диалогтың куәсі болады, тыңдаушыдан ешнәрсе жасырынбайды, тыңдаушы әрі қатысушы, әрі әрекетті бағалаушы, айтыстың негізгі бағасын сол тыңдаушылар береді.

Айтыс неге өте кең танымал болды? Біріншіден, айтыскер ақынның талантын, қабілетін, дарынын, творчестволық өнімін мойындау қажеттілігі, айтысқа қатысу арқылы өз шеберліктерін шыңдап, атақтары шығады. Екіншісі, тыңдаушылардың рухани сұраныс тілектері, “творчествоны” көруге ұмтылулары. Диалогтық жарыста тыңдаушылар қатысып, сол шығарманың дүниеге келуіне, әрекетіне тікелей қатысады, оқиғалар тартымды, қызықты, ұтымды болғандықтан халық есінде жақсы жатталады. Айтыста тыңдаушыларды эмоциялық шиеленіспен драматикалық әндермен, айрықша әзілмен арбап алады [2].

2. Айтыстың психологиялық жағын концерт творчествосының еуропалық нұсқасымен салыстырып түсінуге болады, мысалы оркестр және пианист бір-бірімен творчестволық жарысады, біресе оркестр ойнайды, біресе пианист ойнайды, бір-бірінен қалмау керек, тез ілесу керек, жауап беру керек, соңында екеуі бірігіп шығарманы ойнайды, аяқтайды, керемет шалқыған музыка орындалады, яғни нәтижесінде олар біртұтастық құрайды (екеуі де бір өнерге музыка өнеріне жатады).

Айтыстың басқа жарыстардан айырмашылығы сол, айтыста тіпті сөз жарысының тақырыбы айтысқа қатысушылар үшін айтыс басталғанға дейін (дәстүрлі классикалық айтыстар солай болған) белгісіз болады. Ал (КВН) КТК-көңілді тапқыштар клубында сәттіліктің мәнділік дәрежесі соған дейін (домашн) дайындалған дайындықтың деңгейімен, көлемімен анықталады және ол дайындыққа кәсіби мамандық адамдары қатысады, жетекшілік жасайды.

Айтысты түсіну процесін этнопсихологиялық тұрғыда анықтау негізгі жағдай болып табылады. Түсінуді зерттеудің этнопсихологиялық аспектісін А.М. Ким жасады [3]. Айтыс процесін түсіну- түсінудің процессуалды және мазмұндық аспектілерінде жүзеге асады.

Психология тарихында айтысты ғылыми тұрғыда зерттеу талпынысын тек М.М. Мұқановтың жұмыстарында ғана көреміз [4]. Ойлаудың этнопсихологиялық аспектілерін зерттеуде айтысты продуктивті ойлау деп қарастырды. Алайда айтыстың сондай мәнді ерекшелігін көрсеткенімен, М.М. Мұқанов, айтыстың басқа да маңызды ерекшеліктерін ашпады. Айтысты түсіну объектісі ретінде қарастырмады және айтыстың тек мазмұндық аспектісінде қарастырды , ал процессуалды жағы зерттеуден тыс қалды.

Фольклорда жүйе қасиетіне ие. Жүйелік ықпал тұрғысынан қазақ фольклор түрлерінің психологиялық жіктелуі жасалды. Айтыстың психологиялық функциясы екі бағытта жүзеге асады: 1) Сақтау тенденциясы- тұлғаның психодиагностикасы және ұлттық сәйкестікті дамыту; 2) Өзгеру тенденциясы- білім беруші және тәрбиелеуші. Айтыс өзгеру тенденциясы басым фольклордың бір түрі болғандықтан, тек айтыскерлердің ғана емес тыңдаушылардың да тұлғалық-интеллекті дамуларын қамтамасыз ететін бірлескен диалогты ойлау іс-әрекеті жүзеге асырылады. Сондықтанда келесі тұжырымдама жасалды:



Айтыс өзгеру тенденциясына көп бейім (адамды өзгертеді, творчестволы дамытады, қоғам сипатына қарай мазмұны да өзгереді). Ал мақал-мәтелдер сақталу тенденциясына ие, этнос оны сақтауға тырысады; халық әндері әрі сақталу, әрі өзгеру тенденциясын игерген; сондай-ақ жұмбақтар да өзгеру тенденциясын игерген. Айтыстың терең ұлттық тарихи тамырлары, негіздері бар және қазіргі жаңа қоғамдағы қарым-қатынас айналымынан шығып қалған дамудың психотехникасы (интеллект және тұлғалық қасиеттердің қосылуы) ретінде психологиялық зерттеу болып табылады. Әсіресе ең алдымен қалалық субмәдениет шартында зерттеу өте өзекті.

Өзгеріске тенденция
Айтыс

Жұмбақтар

Халық әндері

Әндер
Мақалдар


Эпос

Сақталуға тенденция өзгеріске тенденция



1-сурет. Қазақ фольклор түрлерін психологиялық жіктеу

Айтыстың терең ұлттық тарихи тамырлары, негіздері бар және қазіргі жаңа қоғамдағы қарым-қатынас айналымынан шығып қалған дамудың психотехникасы (интеллект және тұлғалық қасиеттердің қосылуы) ретінде психологиялық зерттеу болып табылады. Әсіресе ең алдымен қалалық субмәдениет шартында зерттеу өте өзекті.

3. Творчество процесі басқаша психологиялық күйді талап етеді, атап айтқанда белгілі бір эмоциялық тәуелсіздік деңгейі және қарсылас серіктің эмоциялық әсеріне түсіп қалмау, оны саналы қадағалау. Міне, осы айтылған жағдайлар Э. Берннің концепциясының негізгі қағидаларына яғни «Ересек« позициясының критерилеріне сәйкес келеді. Ендеше айтыстағы жеңісті «Ересек« позициясы қамтамасыз етеді [5].

Басқа көзқарастар да бар екенін жоққа шығармаймыз. Ол пікірлер бойынша, творчество үшін «Бала» позициясының критерилері сәйкес келеді.

Әрине творчество «Бала» позициясы сияқты спонтанды, алайда спонтандылық барлық жағдайда жаңа нәтиже бере бермейді, ендеше творчество әлеуметтік мойындалған нәтиже (өнім), формасы бойынша спонтанды, мазмұны бойынша жаңа нәрсе жасау, жаңа нәтиже алу. Адамда эмоциялы қозу жоғары болса («Бала») мұндай күйде творчествоның жасалуы мүмкін емес.

Мысалы айтыста бір айтыскер екіншісін эмоциялық жәбірлесе, оған екіншісі адекватты солай жауап берсе, онда ол творчество емес. Тек эмоциялық тәуелсіздік, ұстамдылық, өз ойларын қадағалау, өз пікірінде тұра алу, логикалық ой байланыстары, ақыл сапалары, яғни «Ересек» позициясы ғана творчествоның оң нәтижесін береді.

Айтысты қысқаша психоанализ тұрғысынан қарастырсақ, (интеллектінің жоғарғы сексуалдылықпен байланысы З. Фрейд). Айтыс та, кез келген творчестволық актілер де либидомен байланысты. Айтыс ол сексуалды сезімдердің оянуларға вербалды қарсы тұруы. Ал шындығында, сананың терең түпкірінде сексуалды қарсыласулар жүреді, либидоға компенсацияны жасайтын жасырын тілектерді қанағаттандару жүреді.

Фольклор әлеуметтік рұқсат етілген сублимациялардың қол жететін тәсілінің жалғыз қайнар көзі (ауызша сөз). Айтыстың осы психологиялық табиғаты жайлы зерттеулер тіпті әлемдік психологиялық әдебиеттерде де жоқ, әрі оған адекватты әдістемелік инструментария да жасалмаған. Осыған байланысты айтысты талдау міндетті түрде психологиялық талдаумен қатар тарихи-мәдени немесе әдебиеттік қасиеттерді де, түсініктерді де қабылдайды. Айтыс психикалық күрестің, қарсы тұрудың тікелей бейнеленуі, ал кейде уақытша айтыскерлердің одақ құруы.

Сонымен психологиялық тұрғыдан айтыс уақыт категориясында интеракциялар тізбегі ретінде дамиды, әр трансакцияларда айтыскерлер қарым-қатынастағы өз позицияларын екіншісіне қатысты сақтайды немесе өзгертуге талпынады («Ата-ана», «Ересек», «Бала»).

Біздің ойымызша айтыстың осы психологиялық ерекшелігі Э. Берннің трансактілі талдау концепциясы негізінде анықталады. Зерттеудің міндеті осы концепцияның негізінде айтысты талдаудың әдістемелерін жасауды талап етеді. Осыған байланысты айтыстың психологиялық табиғатын анықтау үшін эмпирикалық зерттеу ұйымдастырылып, Э. Берн концепциясына негізделген «Ата-ана», «Ересек», «Бала» позицияларының белгілері анықталады. Соған сүйеніп кездейсоқ таңдау әдісі арқылы (кездейсоқ сандар кестесі) бес айтыс мазмұны «Ата-ана», «Ересек», «Бала» позициясының белгілері бойынша талданды.

Қазақ дәстүрлі мәдениетінде (этносында) және өмір сүру ерекшеліктерінде жүзеге асатын қарым-қатынас барысында өзара бір-бірін толықтыратын «Ата-Ана» және «Бала» позициясы тұрғысынан транс- акциялар жасалады. Үлкендердің айтқаны әрқашанда заң, кішілер оның жолын кеспейді, бәрін мақұлдай береді, үлкен адамдар (мысалы ата-анасы немесе жұмыстағы бастық) үстемдік ету позициясында көп болады

Айтыс- бірлескен творчестволық қарым-қатынас болып табылады, интерактивті сипатқа ие, әрбір келесі трансакциялар екініші қатысушы айтыскердің алдыңғы жауабына байланысты болады. Айтыстың интерактивтілігінің мәні мынада: ондағы әрбір сөздер (реплика) серігінің сөздеріне байланысты құрылады.

4. Айтыстағы ақынның бірлескен творчестволық ойлау іс-әрекеті өзінің көзқарасын дәлелдеу үшін жаңа аргументтерді табуы мен салыстыру, жіктеу, талдау, синтездеу сияқты ойлау операцияларын нақты жүзеге асыруымен байланысты болады. Сондықтан да айтыскер ақынның творчестволық іс-әрекеті сәтті, әрі нәтижелі болу үшін қарсылас ақынмен конфликтіге түспеуге, дауласу, ашулану, ренжу сияқты эмоциялық күйлерге бармау жағдайын қадағалай алатын өзіндік реттеудің белгілі бір деңгейін ол игеруі керек. Бір адамның екінші адамға эмоциялық тәуелді болатын формалалары айтыс творчествосының сәттілігін қамтамасыз ете алмайды.

Айтыскер ақынды супер творчестволық адам деп санаймыз,-ол әрі музыкант, ақын, импровизатор, актер, интеллект сапаларын, творчестволық ойлаудың жоғарғы деңгейін, интуицияны, творчестволық түпкі ойды, (замысел) шабытты меңгерген адам.

Қазақ этносында қарым-қатынас ерекше сипатқа ие, ал творчестволық сөз жарысы жеке бір адамның жеңісі емес, оның мақсаты екі айтыскер сондай-ақ тыңдаушылар- бір этнос өкілдері, этностық бірлестік құру, жалпы бірлескен әсерлену немесе бірге творчество жасайтын творчестволық процесті жүзеге асыру. Айтыс бір жағынан бір қатысушының (ақынның) жеңісі, ал басқа жағынан ол біздердің бәріміздің жеңісіміз, себебі екі айтыскер де бір этнос өкілі, бір этностық тұтастық құрайды. Айтыс тек интеллектіні ғана емес айтыскерлердің де, тыңдаушылардың да тұлғалық дамуын дамытады, ол өзгеру бағытына бағытталған, бірлескен диалогты ойлау іс-әрекетін дамытатын практика.

Ал айтыс процесінде (творчествоның интеллекттік сипаты) біз талдап көрсеткендей, этносқа тән жоғарыда айтқан басқа позициялардан «Ересек» позициясына көшу ғана айтыстағы жеңіске әкеледі (себебі «Ересек» позициясы ғана творчестволық болып табылады). Айтыс ол жаңа нәрсе, мазмұны жаңа жағдайға, өзгеріске әкеледі, мәселен әсіресе жастар, жалпы барлық тыңдаушылар айтыс процесі кезінде қаншалықты информация алады, үйренеді. Сондықтан да айтыстың тағы бір функциясы жастарда қарым-қаты- настағы жаңа творчестволық позицияны және сынды ойлауды қалып- тастырады, ал сынды ойлау әрқашанда «Ересек» позициясына тән критерий. Айтыс бірлескен диалогты ойлау іс-әрекетін біз, қарым-қатынастың тек коммуникативті (түсіну) және интерактивті (өзара әрекет) жақтарын да ғана қарастырамыз.

1) Айтыс коммуникативті аспекті тұрғысынан диалог формасындағы практикалық ойлау; 2) Интерактивті аспектіде айтыс екі айтыскердің сынды трансактілерінің бірізділігі; 3) Перцептивті аспектіде айтыс сөздік қағытпаларды (реплика) қабылдау және түсіну, айтыскерлердің эмоциялық күйлері. Айтыс- творчестволық конструктивті немесе компромисті шешім. Айтыс- адамдардың халықтың атынан айтылатын, әлеуметтік-этностық рұқсат етілген творчестволық сөз сайысы.

Қарым-қатынастың перцептивті жағы айтыстың психологиялық табиғатын анықтауда үлкен рөл атқармайды, айтыс перцептивті аспектіде ол сөздердің қағытпасын (репликасы) түсіну мен қабылдау және айтыскерлер мен көрермендердің басынан өткізетін әр түрлі эмоциялық күйлерін қабылдау. Өмірдің өзі творчество, яғни өзгеру тенденциясына қарай бағытталу, жаңаны табу.

Ендеше айтысты бұл аспектіде зерттеу үшін эмоция писхологиясы арқылы оны негіздеу қажет болады. Психологиялық тұрғыдан қарсыласы айтқан сөзді қабылдаудың барлық көрінісі шиеленіседі (әуендік және ритмика). Айтыс процесі кезінде босаңсу кезеңдерімен алмасқан психикалық шиеленісу формасында творчестволық іс-әрекет өтеді. Айтыста өз қарсыласын нақты сөзбен ұтса, көрермендердің ыстық қолдауын алса, босаңсу және қанағаттану тәрізді сезімдер - сол кездегі іс -әрекеттің негізгі кезеңі ретінде пайда болады.

Сонымен қатар басқа жағынан болашақ қауіпке деген реакция антиципация ретінде мазасыздану күйін туғызуы мүмкін. Сондықтан да айтыскерлер үшін өздерінің мазасыздану күйлерін өзіндік реттеу міндеті тұрады. Психологиялық тұрғыдан айтыс творчестволық күрес сияқты, асқынып, шиеленіскен эмоция күйі бір айтыскерден келесі айтыскерге беріледі. Зерттеудің эксперименттік жоспарында айтыскерлердің өзіндік реттеу деңгейі жайлы сұрақ тұрады, уақытша болатын жеңілісті жеңу тәсілі жайлы, айтыстың әртүрлі әсерленулері, процессуалды сатылары (айтыстың басы, ортасы, соңы) туралы сұрақтар өз шешімін табу керек.

Сонымен қатар эксперименттік әдістемелік тұрғыда айтыстың тиіміділігі жайлы сұрақ туындайды. Егер ол индвидуалды тиімділік деп санасақ, ол- айтыстағы не жеңу, не жеңілу. Алайда айтыс процесінде, яғни бірлескен творчестволық танымдық іс-әрекетіндегі негізгі тиімділік трансакциялардың жалпы саны ретінде сол іс-әрекеттің ұзындығы немесе көлемін алуға болады деп тұжырымдаймыз.

Егерде айтыстың сөзі (текст) болса ондағы трансакцияларды санауға болады. Спорт жарыстарында тез уақытта жеңу негізгі болса, айтыста тез жеңіске келуге болмайды, бәрі творчестволық бағалану үшін ұзақ процесс болуы керек. Сондықтан да трансакциялардың жалпы санын есептеу керек. Мұндай көрсеткіштер кәсіпкер айтыскерлерге арналады. Экспериментті жәй сыналушылармен жүргізу үшін айтыстың психологиялық моделін жасап, сынап, байқаудан өткізу керек.

Э. Берннің трансактілі талдау концепциясының әрбір позицияның критерилері («АЕБ: «Ата-ана», «Ересек», «Бала») бойынша диагностикалық зерттеу үшін арнайы негізделген, соларға тән белгілер жасалды. Осы белгілерге сүйене отырып эмпирикалық-эксперименттік зерттеулердегі сыналушылардың жауап-протоколдарынан, қарым-қатынастың позиция- ларын талдай отырып, айтыстың психологиялық табиғатын анықтайтын негізгі критерийлерді бекіте аламыз.

Кесте 1. Диагностикаға арналған қарым-қатынас позицияларының кри- терийлері


Позициялар:

«Ата-ана»

«Ересек»

«Бала»

Критерийлер

Бағалаушы пікір, эмоция лық жоғарғы тон, асимметр иялық қатынас (өзін басқа адамнан жоғары қояды), сөйлеу тоны жоғары (кате- горичный), кемсітеді, келемеждейді.

Эмоциялық тәуел-сіз дік, жаңа аргумент, салыстыру, талдау, сөйлеу тоны сабыр лы, информацияға бірқалыпты жауап, серігін тең ұстау.

Спонтанды реакция, импульсивтілік, эмо циялық бояуларға то лы сезімдер, қарсыла су деңгейіндегі сөз-дер, шымшып сөй леу, аргументсіз сөз.

Айтысқа бір ғана этнос өкілдері тартылады, ендеше олар үшін информациялар қоры жалпы болып саналады, ендеше, айтыс творчест- волық іс-әрекетінің нәтижесі тұлғалардың мағыналық құрылуларының жалпы қорын қалыптастырумен байланысты болады деп тұжырымдаймыз; айтыстың психологиялық құрылымының коммуникативті-интерактивті моделін жасаудың методологиялық-теориялық негізін С.М. Жақыповтың және Э. Берннің концепциялары құрайды [6], [5]. Сонымен айтыстың психологиялық құрылымының коммуникативті-интерактивті моделі жасалды



АЙТЫСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ

КОММУНИКАТИВТІ-ИНТЕРАКТИВТІ МОДЕЛІ

Айтыстың психологиялық құрылымы

Коммуникативті компонет тер

Интерактивті компоненттер

Процессуалды

Мазмұнды

Ата-ана

Ересек

Бала

Диагностика

лық критерийлер



Бірізділік

Сұрақ-жауап

Бағалаушы

Пікір, эмоц- иялық жоғар ғы тон, асим метриялық қатынас



Эмоциялық тәуелсіздік, жаңа аргу- мент, салыстыру

Спонтанды реакция, им-

пульсивті эмоция



Айтыстың функционалды құрылымы

Білім беруші функция

Тәрбиелеуші функция

Дамытушы функция

Этнос, мәдениет, тарих, адам жайлы жаңа информациялар, жаңа білімдер алу, жаңа әре- кетке бейімделу негіздеріне үйрену.


Жалпы мағына құру қорын

қалыптастыру- ұлттық сәй кестік сезімді күшейту, әлемнің этностық көрінісіндегі «этностық-Меннің «көріну дәржелерін бекітуге деген құндылыққа бағдарлану



Жалпы мағына құру қорын қалыптастыру- қарым-қаты настағы «Ересек» позициясы негізінде құндылыққа бағдар лану- өзіндік реттелу, өзін дік бақылау және ойдың логикалық құрылымдарын, интеллект сапаларын, таным дық белсенділік ерекшелік терін негіздеу, когнитивті даму

Моделді қолдануда сынап, байқап көру (апробация) айтыс материалында жүргізіліп, өз бекітуін нақты алды.

Айтыстың негізгі психологиялық үш функциясы төмендегідей тұжырымдалды: 1)Білім беруші функция- айтыс арқылы жастар этнос, мәдениет, тарих, адам жайлы жаңа мәліметтер, информациялар алады, жаңа әрекетке бейімделу негіздеріне үйренеді; 2)Тәрбиелеуші функция- –«мағыналық құрылулардың жалпы қорын« қалыптастырады: ұлттық сәйкестік сезімді күшейтеді, әлемнің этностық көрінісіндегі «этностық-Меннің« көріну дәрежелерін бекітеді; айтысты тыңдаушылар, әсіресе жастар конфликт жағдайында (творчестволық және басқа да) «Ересек« позициясының жағымды болатынын бақылап, тәжірибе жинақтайды; 3)Дамытушы функция -«мағыналық құрылулардың жалпы қорын« қалыптастырады: қарым-қатынастағы «Ересек« позициясы негізінде құндылыққа бағдарлану қалыптасады- өзіндік реттелу, өзіндік бақылау және ойдың логикалық құрылымдарын, интеллект сапаларын, танымдық белсенділік ерекшеліктерін негіздейді, когнитивті дамиды.

Бірлескен танымдық творчестволық сөз жарысы айтыс бірнеше психологиялық функцияларды орындай отырып, этностық сәйкестікті, этностық біртұтастықты жасайтын, адамды өзгертетін қуатты творчестволық құрал.

Қорытындылар:


  1. Экономикалық, саяси, әлеуметтік-тарихи ортаның қатты өзгерісіне байланысты айтыс қазіргі жаңа әлемде, танымдық творчестволық ойлауды дамытудың әдістемесі, тренингі, практикасы, әсіресе ол өскелең ұрпақ үшін аса қажет.

  2. Айтыс творчестволық жарысуды шешу тәуекеліне бағытталатын танымдық іс-әрекет. Этнос жүйе ретінде алдымен сақтау тенденциясына ие: этностық сәйкестік (идентичность) сезімдерін сақтайды; өзінің ұлттық творчестволық потенциалдарын этнопсихологиялық контексте байланыстырып дамиды, өзгеру тенденциясына ие болады.

  3. Айтыс процесі жүйелік ықпал позициясы тұрғысынан процесс пен мазмұнның үйлесуі, қарым-қатынас пен танымның бірлігі. Айтыс бірлескен творчестволық ойлау сөз жарысы (творч.мыс.состяз) іс-әрекеті және психологиялық құрылымы коммуникативті-интерактивті табиғатқа ие және тұлғадағы әлемнің этностық көрінісімен анықталады. Ауыз халық творчествосының бір түрі айтыс ұлттық сана сезімдердің бастауы және психологиялық зерттеудің негізі.

  4. Жүйелік ықпал тұрғысынан айтыстың негізгі функциясы- ұлтттық сәйкестік сезімдерін күшейту. Айтысқа қатысушылардың ойлау әрекетінің сынды және продуктивті сипатын ескере отырып айтысқа келесі теориялық-психологиялық анықтама береміз: айтыс- интерактивті типтегі трансакциялардан (сұрақ-жауап) тұратын диалог формасына ие, екі айтыскердің (серік) сынды продуктивті ойлауындағы творчестволық сөз жарысы.

  5. Келешектегі зерттеудің жалғасы айтыстың мотивациялық тренингін жасау, айтыс мәтінін түсінудегі психосемантикалық, психолингвистикалық ерекшеліктерді және басқа да жағдайларды зерттеу әрқашанда маңыз- дылығын жоймайтын мәселелердің бірі. Біз зерттеудің мақсатына сәйкес зерттеудің жоғары міндетін қоямыз. Айтыс- әдістеме, тренинг, даму практикасы, яғни творчестволық ойлауды дамыту практикасы болып табылады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
[1] Бердібаева С.Қ. Айтысты трансактілік талдау\ Т. Тәжібаев оқулары конференция мат.-Алматы, 2005.-78-90 бб.

[2] Мұқанов С. Айтыс туралы\\ Айтыс.-Алматы: Жазушы.- 1965.Т.1.-9-35 бб.

[3] Ким А.М. Этнопсихологические аспекты изучения проблемы понимания // Национальные процессы в Казахстане: пути и способы их регуляции.- А., 1992.- С.90

[4] Муканов М.М. Исследование когнитивной эмпатии и рефлексии у представителей традициональной культуры // Исследование рече-мысли и рефлексии .-Алма-ата, 1979.- С.54-79

[5] Берн Э.Трансактный анализ //Справочник практического психолога.- Спб.: Сова, 2004.-928с.

[6] Джакупов С.М. Методололгические пробелмы изучения совместной деятельности // Методологические проблемы общей психологии: Учебное пособие-Алматы: Изд-во “Қазақ университеті”, 2003.-С.114-149



Авторлар жайлы мәліметтер – Бердібаева Света Қыдырбекқызы, психологи яғылымдарынң докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; Бегімжанова Гүлназира –«6М050300-Психология» мамандығы бойынша 1 курс магистранты; «5В050300- Психология» мамандығы бойынша 4 курс студенттері: Сраж Жансая, Өтеген Сымбат- Сейдеқали Жанерке-әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Достарыңызбен бөлісу:

biken-ahmetova-nra-salatari-ozh-070-kbzh-7601-a-94.html
bikova-s-i-sudebno-sledstvennie-dela-kak-istochnik-po-sovetskoj-istorii-1930-h-gg-stranica-3.html
bil-li-iisus-magom-kurtc-p-k93-iskushenie-potustoronnim-per-s-angl.html
bil-li-v-shtrafah-pod-sledstviem-i-sudom-kogda-i-za-chto-imen-no-predan-sudu-kogda-i-chem-delo-koncheno-ne-bil.html
bil-osnovan-v-moskve-v-2003-g-po-iniciative-dvuh-nemeckih-organizacij.html
bil-u-nas-takoj-prepodavatel-v-kievskom-politehe-viktor-semenovich-podlipenskij-izvestnij-pod-prozvishem-ded-magnit-on-bil-professorom-vo-vsem-chto-kasalo.html
  • bukva.bystrickaya.ru/rossiya-v-sisteme-mezhdunarodnoj-integracii.html
  • reading.bystrickaya.ru/lekciya-10-avtonomnaya-nervnaya-sistema-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini.html
  • tests.bystrickaya.ru/kurs-po-viboru-annotaciya.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/prilozhenie-2-soderzhanie-1-predmet-i-metod-teorii-gosudarstva-i-prava.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-leksikologiya-dlya-specialnosti-050303-inostrannij-yazik-utverzhden-na-zasedanii-kafedri.html
  • grade.bystrickaya.ru/millward-brown-centralnie-smi-analiz-upominaemosti-v-smi-romir-i-konkurentov-obzor-smi-za-27-aprelya-2010-god.html
  • urok.bystrickaya.ru/programma-disciplini-modeli-ekonomicheskoj-dinamiki-dlya-napravleniya-ekonomika-specialnosti-ekonomika.html
  • shpora.bystrickaya.ru/zakonodatelnoe-obespechenie-promishlennoj-politiki-i-investicionnoj-strategii-kraya-34.html
  • universitet.bystrickaya.ru/temi-diplomnih-rabot-po-kafedre-buhgalterskij-uchet-i-audit-v-2005-2006-g-uchetnaya-politika-predpriyatiya.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-17-kak-vsegda-v-pervuyu-ochered-ya-hochu-poblagodarit-moego-luchshego-druga-boga-yanadeyus-chto-odnazhdi-dlya.html
  • credit.bystrickaya.ru/ot-perevodchika-filosofskoe-antikovedenie-i-klassicheskaya-tradiciya-tom-i-vipusk-2.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/robert-anton-uilson-kvantovaya-psihologiya-stranica-2.html
  • lecture.bystrickaya.ru/arkan-viii-predislovie.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/referat-po-discipline-finanasi-i-kredit-na-temu-formi-kredita-v-eksportno-importnih.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/vashemu-vnimaniyu-predlagaetsya-ocherednoj-31-j-katalog-cvetochnih-rastenij-iz-nashej-kollekcii-po-kotoromu-vi-smozhete-oformit-zakaz-i-poluchit-sortovoj-posadochnij.html
  • thescience.bystrickaya.ru/issledovatelskaya-rabota-istoriya-sozdaniya-teatralnoj-kukli-poigraem-v-teatr.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/ocenka-spermi-po-gustote-i-podvizhnosti-spermiev.html
  • universitet.bystrickaya.ru/strategicheskoe-planirovanie-i-prognozirovanie-nacionalnoj-ekonomiki-d-e-n-prof-veduta-elena-nikolaevna-aud-307-korp-1-20-00-21-30.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prikaz-ot-11-oktyabrya-2010-g-n-873n-ob-utverzhdenii-perechnya-sanatorno-kurortnih-uchrezhdenij-v-kotorie-predostavlyayutsya-putevki-na-sanatorno-kurortnoe-lechenie-grazhdan-imeyushih.html
  • doklad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-komplekt-obrazovatelnaya-programma-nachalnogo-obshego-obrazovaniya-s-sherkali.html
  • assessments.bystrickaya.ru/deyatelnost-komitetov-i-komissij-gd-mezhdu-npo-i-nko-prolyazhet-cherta-zakona-9.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kommentarii-voo-russkoe-sodruzhestvo-v-adres-antirossijskoj-isteriki-narodnogo-deputata-yaroslava-kyondzora.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/metodicheskoe-posobie-dlya-uchitelya-nabor-uprazhnenij-i-laboratornih-rabot-kompyuternie-programmi-instrukcii-po-rabote-s-programmami.html
  • knigi.bystrickaya.ru/reglament-peregovorov-pri-poezdnoj-i-manevrovoj-rabote-stranica-3.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prilozhenie-12-pravila-priema-na-2011-g-tomsk.html
  • abstract.bystrickaya.ru/29-avgusta-v-1600-informacionnij-byulleten-administracii-sankt-peterburga-32-733-29-avgusta-2011-g.html
  • tests.bystrickaya.ru/literatura-literatura-kglave-1-vizhe-zh-p-voprosi-filosofii-1956-s-91-rezerford-e-stroenie-atoma-i-iskusstvennoe-prevrashenie-elementov-per-s-angl.html
  • education.bystrickaya.ru/15-sobiratelstvo-bernard-verber.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/viii-slovo-kak-sredstvo-appercepcii-v-s-stepin-predsedatel-s-s-averincev-g-a-ashurov-a-i-volodin.html
  • college.bystrickaya.ru/22-29-fevralya-2008-g-nauchnaya-konferenciya-vii-konferenciya-gomeostaz-i-endoekologiya.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/ministerstvo-obrazovaniya-rossijskoj-federacii-prikaz-o-vvedenii-v-dejstvie-vnutriuniversitetskoj-sistemi-eksportnogo.html
  • credit.bystrickaya.ru/perevod-idiomaticheskih-i-neidiomaticheskih-slozhnih-sushestvitelnih-i-slozhnih-prilagatelnih-s-anglijskogo-yazika-na-russkij.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-uchebnaya-disciplina-osnovi-oboroni-gosudarstva-i-voennoj-sluzhbi-naimenovanie.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/mikrosatellitnaya-izmenchivost-v-populyaciyah-cheloveka-1-fundamentalnie-issledovaniya-etiologii-i-patogeneza-ryada.html
  • shpora.bystrickaya.ru/zaklyuchitelnie-zamechaniya-rukovodstvo-dlya-nepravitelstvennih-organizacij-po-predstavleniyu-dokladov-komitetu-po-pravam-rebenka.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.