.RU

Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2015. 10. 04 №189 БҰйрығына 4-Қосымша

Дата07.09.2017өлшемі55.6 Kb.

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2015.10.04 № 189 БҰЙРЫҒЫНА 4-ҚОСЫМША

Дата: 10.03.2017 12:42:46

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 10 сәуірдегі

№ 189 бұйрығына 4-қосымша

 

 

«Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері


лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасуы конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер



 

1. «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 36) тармағына сәйкес әзірленген.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.



Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері (практиканы ескере отырып):



1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қолхат беру және кафедраға жолдама беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметі нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке адамдарға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыларды алдын ала жазу және оларға жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

9. Көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсынады;



1) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына өтініш ерікті нысанда;

2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

3) өмірбаян;

4) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда);

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 086 нысанындағы медициналық анықтама (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);



Құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірін және күнін көрсете отырып, қолхат беру құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

 

 



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына береді.

Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдаған растау болып табылады. Шағым хатта қызмет алушының аты-жөні, тегі және пошта мекен-жайы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алушының қолы қойылған өтініші болу керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар



 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Астана қ., Орынбор көшесі 8, Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:

chert-1-raschetnie-shemi-podpornih-sten-n-a-ushakov-rukovoditel-temi-kand-tehn-nauk.html
chert-9-raspredelenie-nagruzki-pri-raschete-kolonn-n-a-ushakov-rukovoditel-temi-kand-tehn-nauk.html
cherta-i-uroven-bednosti-v-azerbajdzhanskoj-respublike-so-statyami-16-i-17-pakta.html
cherti-do-gibkost-modulnost-parallelnost-ohvat-ekonomichnost-tehnologichnost-socialnoe-ravnopravie-internacionalnost.html
chertov-most.html
chertovshina-v-amerikanskom-posolstve-v-moskve-ili-13-zagadok-mihaila-bulgakova-stranica-9.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/s-s-yaroshenko-vvedenie-gl-35-zaklyuchenie.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/36-normirovanie-truda-razrabotka-napravlenij-sovershenstvovaniya-kadrovoj-politiki-predpriyatij-gostinichnoj-industrii.html
  • klass.bystrickaya.ru/6chto-takoe-maket-doklada-metodika-podgotovki-ezhegodnih-otkritih-informacionno-analiticheskih-dokladov-o-sostoyanii.html
  • control.bystrickaya.ru/e-g-zaharova.html
  • books.bystrickaya.ru/dokumentaciya-ob-otkritom-aukcione-v-elektronnoj-forme-na-pravo-zaklyucheniya-dogovora-na-postavku-periodicheskih-pechatnih-izdanij.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/metodicheskie-rekomendacii-po-osnovnim-razdelam-tehniki-rechi.html
  • urok.bystrickaya.ru/pravo-iii-srednee-polnoe-obshee-obrazovanie.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/reshenie-zadach-v-processe-prakticheskoj-prirodoohrannoj-deyatelnosti.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/prilozhenie-tablica-1-operacionalizaciya-cennostnih-orientacij-regionalnoj-eliti.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/43-sopolimerizaciya-kurs-lekcij-data-razrabotki-1-sentyabrya-2009g-data-aktualizacii-15-dekabrya-2009g-tomsk-2009.html
  • thescience.bystrickaya.ru/k-i-polyakov-upolnomochennij-po-pravam-cheloveka.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/poyasnitelnaya-zapiska-razvernutoe-tematicheskoe-planirovanie-sostavleno-na-osnove-avtorskoj-uchebnoj-programmi-buneev-r-n-buneeva-e-v-chtenie-i-nachalnoe-literaturnoe-obrazovanie-2004-stranica-2.html
  • shkola.bystrickaya.ru/pravovoj-rezhim-mirovogo-okeana-chast-3.html
  • credit.bystrickaya.ru/ooo-stork-sankt-peterburg-goryachaya-liniya-yutong-8-800-333-28-08.html
  • lesson.bystrickaya.ru/robert-dyavol.html
  • student.bystrickaya.ru/150-enciklopediya-bernard-verber-revolyuciya-muravev.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/uchebnij-plan-na-2010-2011-uchebnij-god-5-klass-6-dnevnaya-nedelya-srednyaya-obsheobrazovatelnaya-shkola-2-imeni.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/plan-vvedenie-zaklyuchenie-spisok-literaturi-vvedenie.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/obshie-principi-raboti-analizatornih-sistem-medicinskaya-psihologiya.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-uchebnoj-disciplini-russkij-yazik-i-kultura-rechi-specialnost-010400-fizika-napravlenie-510400-fizika.html
  • occupation.bystrickaya.ru/nazvanie-god-s-stranica-3.html
  • desk.bystrickaya.ru/otchet-o-pribilyah-i-ubitkah-za-period-s-pervogo-yanvarya-po-31-marta-2009-goda.html
  • turn.bystrickaya.ru/po-teme-dissertacii-opublikovani-sleduyushie-raboti-avtora-arheologicheskaya-deyatelnost-nauchnih-obshestv-nizhnego.html
  • znanie.bystrickaya.ru/5-izlozhenie-teksta-tekstovogo-dokumenta-pz-metodicheskie-rekomendacii-k-vipolneniyu-i-zashite-vipusknih-kvalifikacionnih.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/analiz-sotovogo-rinka-v-moskve.html
  • znanie.bystrickaya.ru/b-i-osipov-russkie-stihovie-sistemi.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-po-podgotovke-napisaniyu-oformleniyu-i-zashite-kursovoj-i-vipusknoj-kvalifikacionnoj-diplomnoj-raboti-kazan.html
  • knigi.bystrickaya.ru/rekomendacii-po-podgotovke-referatov-kursovih-i-diplomnih-rabot-referati.html
  • literature.bystrickaya.ru/demonstraciya-vzaimnih-chuvstv-kommunikativnoe-povedenie.html
  • essay.bystrickaya.ru/biblioteka-vsemirnoj-literaturi-tom-9-stranica-24.html
  • grade.bystrickaya.ru/muchkapskaya-detskaya-shkola-iskusstv-im-a-m-muraveva.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/avtor-knigi-predlagaet-svoi-otveti-na-eti-voprosi-stranica-11.html
  • write.bystrickaya.ru/g-g-onishenko-7-fevralya.html
  • grade.bystrickaya.ru/naznachenie-nakazaniya-nesovershennoletnim-chast-2.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/sabati-tairibi-germaniya-sabati-masati.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.